Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мотоцикл жүргізушісін қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қақты (видео)

Алматыда мотоцикл жүргізушісін жоғары жылдамдықпен келе жатқан “Лада” маркалы автокөлік қағып кетті.

nbvc

Бейнежазба инстаграмдағы zhest_kz парақшасында жарияланған. Онда жол апатының Розыбакиев пен Өтепов көшелерінің қиылысында болғаны жазылған. Кадрде көрінгендей “Лада” тізгіндеген жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жүрісін тежемей, мотоцикл жүргізушісін соғады.

Оқиға 2 маусым күні болған екен. Жол апатына көлік жүргізушісі кінәлі болып, оны көлік жүргізу құқығынан айырыпты. Қуанышқа орай, мотоцикл тізгіндеген жігіт зардап шекпеген.

19 маусымда Алматыда мотоцикл жүргізушісінің қатысуымен тағы да бір апат болғаны жарияланған еді. Ол жерде қатты жылдамдықпен соққан мотоцикл жүргізушісі алған соққыдан сол жерде көз жұмды.

Алматы, Розыбакиева-Утепова. Приора поехала на красный и сбила мотоциклиста… #жестькз

Видео опубликовано Жесть в Казахстане (@zhest_kz)

Талқылау