Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда миллион әшекей жапсырылған Mercedes сатылады

Алматы тұрғыны Бибігүл Жүнісбекова өзінің Mercedes-Benz S500 автокөлігіне милиондаған жарқыраған әшекей жабыстырып шығу үшін, 33 миллион теңгесін және жарты жылдан астам уақытын жұмсаған.

Бұл туралы Today.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

6804b8ba-640a-4105-9b91-70f7d170dd40

©today.kz

Қожайыны керемет автокөлікті 118 888 долларға бағалап отыр. Жүнісбекованың айтуынша, өзгелерден ерекшеленіп тұратын бұл автокөлік оның шығармашылың ізденісінің жемісі екен.

©today.kz

«Машинаға желімделетін бұл затты көп адам тор немесе құр жұқа қабық деп ойлайды. Негізінде тіпті де олай емес, әр страза жеке-жеке жапсырылады. Диаметрі – 4 миллиметр, ал көтерме бағасы – 33 теңге. Мұның бәрін жапсырып шығу оңайға түспейді, ерекше төзім мен уақыт керек», – дейді автор.

@nurlan.abdullin фото от @allanazarov.a

Фото опубликовано BI-CRYSTAL (@bisha_kh)

©today.kz

«Әшекейлерді жапсырар алдында, жол-көлік ережелерін оқып, әбден танысқанмын: Машиналарға мұндай страздарды жапсыруға болмайды деген заң жоқ екен. Ал бұл көлікті сатып алуға ұсыныстар түсті», – дейді авто дизайнер.

Талқылау