Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда метро бекеті жауын суға толып қалған (фото)

Алматыда метроның «Алатау» бекетіне жаңбыр суына толып, адамдар жүре алмай қалған. Дегенмен метро өз жұмысын әдеттегідей жалғастырып жатыр.

метро

««Алатау» бекетінің жер асты өткеліне су жауын басталғаннан кейін бір сағат ішінде аға бастады. Жароков көшесінің бойындағы арықтар суға толып тасыған, соның салдарынан су төмендеу орналасқан метро бекетіне қарай аққан. Тура қазір бекетті судан тазарту жұмыстары жүріп жатыр»,-деген Қазақстан жаңалықтары қызметіне берген сұхбатында метро қызметкері.

Метрополитен қызметкерлері болған жайттың метро қозғалысына еш қиындық келтірмегенін айтқан.

Талқылау