Алматыда менингиттен тағы да бір адам қайтыс болды

Алматыда менингиттен тағы да бір адам қайтыс болды. Науқас ауруханаға таңда түсіп, кешкісін көз жұмған, деп хабарлады КТК арнасы.

Алматыда менингиттен тағы да бір адам қайтыс болды

Қауіпті дерттің құрбаны бірінші курс студенті екен. Науқастың өткен апта аяғынан бері дендеген аурудан көз жұмғанын қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті растады. Айтуларынша, жігіттің ауруы әбден асқынып кеткен екен. Сондықтан да дәрігерлер көмектесе алмапты. Небәрі бір жетінің ішінде менингиттен төртінші адам қайтыс болып отыр. Естеріңізге салсақ, осы ауыр сырқаттан қайтыс болған 3 адамның біреуі бала. Вирус жұқтырған 18 науқас әлі ем алып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар