Алматыда менингиттен көз жұмған студенттің өліміне қатысты деректер анықталды

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасында студенттің менингиттен қайтыс болуына қатысты толық ақпарат берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыда менингиттен көз жұмған студенттің өліміне қатысты деректер анықталды

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова студенттің менингиттен қайтыс болуының себебі, ол дәрігерге тым кеш келген деп отыр.

«Аурудан көз жұмған студент Қазақ көлік және байланыс академиясында оқыған. Ол жатақханадағы бөлмеде бес адаммен тұрған. Балалар бұл уақытта үйлеріне қайтуға жиналып жүрген. Тексеру барысында анықталғандай, студенттер жаңбырдың астында қалып қойған. Сол жаңбырға малынған күйі теміржол вокзалына барған. Қайтыс болған студент ауыруы әбден асқынғаннан кейін ғана дәрігерге жүгінген. Сол күні кешкісін оның температурасы көтерілгенде, ол өздігінен емделмек болып, дене қызуын түсірген. Тек, келесі күні денесіне бөртпе шыға бастағанда ғана, жедел жәрдем шақырған. Өкінішке орай, студентте менингокок сепсисінің формасы басталып кеткен. Тым кеш болып кеткендіктен, оған көмек көрсете алмадық», – деді Айзат Молдағасымова.

Оның сөзінше, менингиттан қайтыс болған студент 118 адаммен байланыста болған. Олардың барлығы және марқұм студент тұрған жатақхана медициналық бақылауға алынған.

«Қайтыс болған студентпен бір бөлмеде тұрғандарда қабынудың белгілері болған. Біз олардың барлығын оқшаулап, уақытында көмек көрсеттік. Әзірше менингокок инфекциясы бар деген зертханалық растау жоқ. Бірақ аман алып қалған екінші науқаста менингиттің қаупі бар. Оныкі асқынған түрі еді. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсы және палатаға шығарылды», – деп мәлімдеді Айзат Молдағасымова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар