Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 45 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталды

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметтік тергеу бөлімі басшысы С.Вольф пен бірқатар жалған кәсіпорын басшыларынан құрылған қылмыстық топ 45 мың доллар сомасында пара алу кезінде ұсталды.

1467690714676907

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросы департаментінен хабарлады.

Қызмет бабын асыра сілтеген С.Вольф бірқатар жалған кәсіпорындарға (басшылары: Я.Олесов, М.Рахуба) қамқорлық етіп келген. Бұл заңсыз қызметі үшін ол ұдайы қаржылай пара алып отырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта С.Вольф, Я.Олесов және М.Рахуба ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша Алматы қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау