Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектеп оқушысын қағып өлтірген жүгенсіз жүргізуші ақыры ұсталды

Бір тәуліктен бері іздеуде болған азамат Алғабас ауылының тұрғыны екен. Кеше кешкісін ол анасымен бірге келе жатқан 1-ші сынып оқушысын қағып кеткен болатын. Бұл туралы КТК арнасы хабарлап отыр.

4545

Ауыр соққыдан Айнар Дәулеткелді есімді 7 жастағы қыз ауруханаға жетпей көз жұмған. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіпті.

Оқыс оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Яғни кешкі 7-лер шамасында мектеп түбінде пәтер жалдап тұратын 1-ші сынып оқушысы анасымен бірге дүкенге бара жатқан. Осы сәтте жеңіл көліктердің бірі оны анасының көзінше қағып өте шығыпты.

Сөйтіп, оқушыны көлігіне салып ауруханаға апармақшы болған. Алайда жол-жөнекей тағы бір көлікпен соқтығысып, ажал аузында жатқан Айнарды анасымен бірге басқа көлікке салып жіберген. Артынша өзі де жым-жылас жоқ болып кетіпті.

44 жастағы сол жігіт кеше ұсталды. Алғабас елді-мекенінің тұрғыны “Мазда” көлігін көрші ауылдағы туыстарының үйіне тығып үлгерген.

“Бұрын соңды мүліктік қылмыс үшін сотталған 1994 жылы. Қазір қаладағы техникалық жөндеу станцияларында жұмысшы болып істейді екен”, – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал ауруханаға жетпей жан тапсырған Айнар Алғабастағы 185-ші мектепте оқыған. Бірініші сынып оқушысының оқыстан ажал құшқанына ұстаздары сене алар емес. Өйткені түске дейін көз алдында жүрген шәкіртінің кешқұрым жол апатынан қайтыс болғаны барша ұстаздардың қабырғасын қайыстырды.

“Сыныптастары сабаққа келген кезде естіді. Олар кішкентай болса да қайғырды”, – дейді сынып жетекшісі Айгерім Манап.

Ұстаздар мен ата-аналар енді ақша жинап қара жамылған отбасыға көмек көрсетпек. Өйткені қайтыс болған оқушы әкесіз өскен екен. Сондықтан марқұмды, анасының туыстары бүгін ақтық сапарға шығарып салады.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды түрмесінде азап көрген жігіт мүгедек болып қалған

Павлодар облысында жемқорлық туралы хабарлаған жеті адамға бір миллион теңге берілді

Түрмеде азаптаудан үш сотталушы көз жұмып, біреуі өз-өзіне қол жұмсаған

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Талқылау