Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектеп мұғалімі төрт оқушыны сабап, бір оқушының басын тақтаға ұрған (видео)

Жария болған бейнеролик интернет пайдаланушыларының наразылығын тудырды. Онда көрініп тұрғандай, мұғалім төрт оқушыны қатар тізіп қойып, шапалақтың астына алған. Бір оқушыны шашынан ұстап тұрып, басын тақтаға әлденеше рет ұрған.

20151129121735

Бұл туралы STAN.KZ Қазақпарат-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алматыда мектеп мұғалімі төрт баланы қатар тақта алдында сабаған. Оқиғаны оқушылардың бірі бейнекамераға түсіріп алған. Ғаламтор пайдаланушыларының айтуынша, келеңсіз жағдай Түрксіб ауданындағы 198 мектепте болған.

Әзірге құқық қорғау органдары аталған оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді. Қалалық білім басқармасымен байланысу мүмкін болмады.

Талқылау