Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Медеу-Шымбұлақ аспалы жолында құтқару операциясы жүргізілді

Шара Универсиада-2017 нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында өткен

????????????????????????????????????

Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Универсиада-2017 нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Медеу» шатқалындағы бөгеттің үстінен өтетін аспалы жолдың ең биік нүктесінде кенеттен тоқтаған кабиналардың ішіндегі «туристерді» эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу шарасын өткізді.

Үш бөлімшенің құтқарушыларына бір сағаттың ішінде бірден үш кабинаның ішінен эвакуациялау ісін жүргізу сияқты қиын тапсырма жүктелді. Сарапшылардың пікірінше, қыс мезгілі жағдайында тура бір сағаттан кейін жылуы жоқ гондоланың ішінде қалған бала суық өтуден қайтыс болуы мүмкін екен.

Құтқарушылар қойылған тапсырманы 30 минутта орындап щықты.

Олар бұл операцияны -110 градус аязда 136 метр болатын ең жоғары биіктікте атқарды. Аспалы жолмен кабинаға жету үшін «Шымбұлақ» ТШК құтқарушылары қол педальдарын айналдыру арқылы тартылған аспалы жолмен жылжуға мүмкіндік беретін ерекше «велосипедті» пайдаланды.

Өзара іс-қимыл жасау ретінде құтқарушыларға қаланың Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің барлық жедел қызметтері: Алматы қаласының ІІД, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ, ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем станциясы» МКК, «Қазселденқорғау» ААТПБ, азаматтық қорғаудың сауда-саттық қызметі атсалысты.

Күштер мен құралдарды үйлестіру және басқару үшін командалық-штабтық машинаның базасында ТЖД-ның штабы құрылды.

Осылайша, оқу-жаттығудың барлық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізіп, жұмыстарды атқару барысында айқындалған кейбір түйінді мәселелердің шешу жолдары белгіленді.

Айта кетелік, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласы «Құтқару қызметі» МКҚК, «Шымбұлақ» ТШК шаңғы патрулі – осы үш бөлімшенің штатында көптеген адам өмірін құтқарған тәжірибелі альпинист-құтқарушылар қызмет етеді.

null

null

null

null

null

null

null

null

null

 

Талқылау