Алматыда мүгедекті автобустан теуіп шығарған кондуктор әйелге іздеу жарияланды

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 21:22

Мүмкіндігі шектеулі азаматты қорлаған кондуктор. Балдаққа сүйенген мүгедекті қоғамдық көліктен сүйреп түсіргендердің әрекеті бүгін ғаламторда пайда болып, жұрттың ашуын туғызды. Желі қолданушылардың айтуынша, оқиға Алматының 34-ші бағыттағы автобусында болған. Алайда автопарк иелері мұны бірден жоққа шығарды. Қатыгез кондуктор мен жәбір көрген жанды олар да полициямен бірген іздеп жатыр екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қоғамдық көлікте болған бұл оқиға кез-келген адамды бейжай қалдырмасы анық. Әсіресе кондутордың қатыгездігі қайран қалдырады. Ол мүгедекті аяғынан сүйреп, желкесінен жұлқылап жолдың шетіне шығарып тастады. Балдағы бір жақта, өзі бір жақта қалған бейшараға жас жігіт кеп көмектеспесе, жолдың бойында домалап жатар еді. Ал өз ісінен еш ерсілік байқамаған әйел кондуктор көлікке отырып кете барды.

Желі қолданушылары оқиға Алматыда болған дейді. Жүйке-жүйесі сыр берген кондуктор болса 34-ші автобуста жұмыс істейтін көрінеді. Бірақ қоғамдық көлік тиесілі автопарктегілер бұл ақпарат жоққа шығарды. Оған дәлелдері де бар екен.

“Видеоны көріп барлық кондуктарларды тексердік. Бірақ таба алмадық. Автобуста ондай  әйел жұмыс істемейді”, – дейді автопарк директоры Бауыржан Құлышев.

Автопарк басшылары бұл біздің бәсекелестердің қасақа жасаған ісі болуы мүмкін дейді. Тіпті оқиға басқа қалада түсірілуі де мүмкін екен. Дегенмен, қатыгер кондукторды іздеуге алматылық полицейлер кірісіп кеткен.

“Әйел азаматтың мүмкіндігі шектеулі азаматқа қоқан лоқы әрекетін көрсеткені айқын көрініп тұр. Сондықтан бұл заңбұзушылық болып табылады. Оған  әкімшілік жаза ма әлде қылмыс жаза қолданылады ма ол әлде де анықталатын болады”, – дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Адуынды әйелдің нақты қандай жаза арқалайтыны, жәбірленушінің алған дене жарақатына байланысты анықталады. Ол үшін әрине алдымен жол бойында домалап қалған мүгедек арыз жазуы керек екен.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық жігіт “Шахтер” футболшысының әмиянын ұрлап кетті

Перуашевтің асхана мен дәретханасы ортақ жатақхана салу туралы ұсынысын Үкімет құптамай қойды

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар