Алматыда мүгедек спортшылардың жаттығу залы түгі қалмай өртеніп кетті

Жұма, 24 Қараша , 2017 12:20

Тілсіз жау бақандай 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Қайта адамдары аман. Десе де, жаттығу залын несие алып ашқан кәсіпкер миллиондап шағынға батты, деп хабарлайды КТК.

Өрт қасақана қойылған болуы мүмкін. Өйткені, алғашқы сараптама соны меңзеген екен. Жалпы, спорт кешені сақтандырылғанымен, өтемақыны төлеу ұзаққа созылатын түрі бар.

Ел бойынша ең алып жаттығу залы ашылғанда алматылықтардың қуанышында шек болмаған. АҚШ, Швейцария, Ресей дейсіз бе, әлемнің 8 елінен ең таңдаулы деген спорт жабдықтары осында әкелініп, спортсүйер қауым қызығына тоймай жүріпті. Алайда, көпшіліктің қуанышы ұзаққа созылмады. Аяқасты шыққан алапат өрт су жаңа спорт кешенін әп-сәтте жоқ қылды.

“Мұнда су жаңа 40 дана қол тренажеры тұрған. Ал қабырғада 86 зілтемір ілініп тұрды. Ал ана жерде 10 дана қымбат велотренажерлар тұрды. Көріп тұрсыздар, бірі де жоқ. Түнгі үшке дейін осында жаттығып, есігін құлыптап қайттық. Өрт таңғы 4-те тұтаныпты”, – дейді спортзал иесі Мейрам Көшенов.

Жаттығу залының иесі, әрі спортшы Мейрам Көшенов өрттің тоқтан болмағанына сенімді. Өйткені, электр көздері бәрі аман. Әрі, құтқарушылардың алдын-ала болжамы да осындай.

Бір-ақ түнде күлге айналған спортзалды кәсіпкер банктен алажаздай 168 миллион теңге несие алып ашқан екен. Мына қымбат спорт жабдықтарын  да қарызданып  алған. Енді өрттің кесірінен тақырға отырған жігіт банкирлерден өзіне түсіністікпен қарап, тым болмаса төлемақыны бір жылға кейінге шегеруді сұрап отыр.

Бұл спортзалының ерекшелігі сол, мұнда мүгедектер тегін жаттығып жүріпті. Көзі көрмей, өздігімен жүрмесе де, осында күш жинап, біразы талай жарыста жеңімпаз атанған.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар бұдан былай ғаламторда анонимді түрде пікір қалдыра алмайды

Бас прокурордың кеңесшісі журналистің сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар