Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЛГБТ-ның белсенді мүшесі Жанар Секербаева ұсталды

15 тамыз күні “Феминита” атты феминистік ұйымның қорытынды таныстырылымы өту керек еді.  Осы жиында Жанар Секербаева лесбиянка, биосексуалдар мен квир-әйелдердің қажеттіліктері жайында сөз сөйлеуі қажет болатын. Бірақ оны Алмалы ауданының ІІБ-сі қамауға алды. Бұл туралы Kok-Team басылымы хабарлайды.

Жанар Секербаеваны Алмалы ауданының ІІБ-сі құқық бұзғаны үшін ұстады. Сонымен қатар, шақыру қағазы тек Жанар Секербаеваға ғана емес, “Феминитаның” негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанға да берілді:

“Шақыру қағазын беріп, феминистердің олардың ауданында науқандар ұйымдастырғаны үшін профилактикалық әңгімелесуге шақырды. Мен феминистпін, бірақ ол ауданда ешқандай науқандар өткізбегенмін”, — дейді ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Науқан деп айтып отырғандары қыздардың Арбатта ұйымдастырған фотоссесиясы болу мүмкін.  Фотосессия қыздардың етеккір дестигматизациясы тақырыбында түсірілген.

Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан ІІБ-ге “Феминитадағы” қызметтері, яғни лесбиянка, биосексуал, квир-әйелдермен жұмыстары үшін шақыртты деп болжауға негіз бар.

Жанар Серкебаеваға шақырту қағазын оның көзінше жазып берген. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 158 бабына сүйенген. Бұл баб “Қызметінен уақытша босатылу” деп аталады. Ал ол баптың шақырту қағазына еш қатысы жоқ:

“Шақыру қағазы заңсыз жасалынған ! Ол жерде азаматшаның  қандай себеппен, не үшін ұсталғаны көрсетілмеген. Майор Елюбаев өз мүмкіндіктерін асыра тыс пайдаланып, Секербаева ханымды заңсыз тұтқындағаны үшін  жазалануы керек. Жанар Серкебаева полиция қызметкерлері іске куәгерді алып келмегенше, тіс жармауға құқылы. Ол әкімшілік, қылмыстық іс бойынща бірде бір дұрыс құжат болмаған соң түсіндірме хат жазуға міндетті емес.

Майор Қылмыстық кодекстің 158 бабына сүйеніп тұр. Ол жерде азаматтар қылмыстық іс жасады деп айыпталатын, күдіктелетін, бірақ өз-өзін қорғауға құқығы бар күдіктілер немесе куәгерлер болу мүмкін  деп жазылған. Олар күдіктілер болса,  түсіндірме бермеуге құқықтары бар. Бірақ куәгер ретінде әкімшілік кодекстің белгілі бір талаптары бойынша ғана түсіндірме бере алады. Тергеу жұмыстарының жүзеге асуына мүмкіндігі бар.  Ал тергеуге қылмыстық істің себебін түсіндірмей, шақырту заңсыз. Егер адам қылмыстық істі жасап тұрып, тергеуге келмесе, сол жағдайда ғана оны мәжбүрлеуге болады “, – дейді адам құқығының сақталуын қадағалайтын Бюро атты халықаралық ұйымның Қазақстандағы директоры Евгений Жовтис.

ЛГБТ-ның белсенді мүшесі Амира Шайкеженованың сөзінше, Жанарды полиция қызметкерлері заңсыз тұтқындаған.

Ертең таңғы сағат 10:00-де Маркова 34 көшесінде орналасқан қалалық аудандық сотта Жанар Секербаеваның ісі шешілетін болады.

Талқылау