Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызын мүгедек қылып, сексуалды қатынасқа мәжбүрледі деген анасын ата-ана құқығынан айырған жоқ

Алматыда 14 жастағы Диана Иванованың туған анасы қызының асыраушыларымен келісімге келгенін айтты. Әзірге қызы асырап алған ата-анасымен тұрады.

14 жастағы қызды өлімші күйге жеткізген әйел ата-ана құқығынан айырылған жоқ. Анна Иванова өз тұрмысын жөндеп алғанша қызының қамқоршы ата-анасымен бірге тұратынын, солай келіскендерін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Диана қамқоршылармен ресми түрде тұрып жатыр. Себебі анасы оны қамқорлығын алуға келісімін беріп, құжатын рәсімдеген. Қыз қамқоршыларының отбасында екі жылдай тұрып келеді. Қамқорлығына алған Надежда Диананы мұғалім мен дәрігерге апару үшін тағы құжаттар дайындауы керек екенін айтты.

“Сот ата-ана құқығынан айырған жоқ. Қазір үш балам бар болғандықтан маған қиын. Сондықтан Диана әзірге солармен бірге тұрсын деп келістім”, – дейді Анна Иванова.

Алайда Диананың денесіндегі іздердің қайдан пайда болғанын айтқан жоқ. Сотта да тыртық іздерге өзінің қатысы жоқ екенін айтып ақталған еді.

“Балаларымды өзім өсірдім. Мемлекет маған көмектескен жоқ. Алимент те төлеуден бас тартты. Диана мені жақсы көретінін айтты. Бірақ онымен сөйлестірген жоқ”, – дейді анасы.

Заңгер Иванованың әрекеті үшін жауап беруі керек екенін айтады. Оған қатысты іске тергеу жүріп жатыр.

Ал, Диананың өзі туған анасын көргісі келмейтінін айтады. Екі жылда анасы оған хабарласпаған.

14 жастағы Диана 7 жасында анасының әрекетін мүгедек болып қалды. Анасы қызын сексуалды қатынасқа түсу үшін аяусыз ұрып-соқты деп айыпталды. Қыздың мұрны мен ерні жырылып, қолы сынып, тізесі жарылған. Құлағы жұлынып, денесі тыртықтанып қалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау