Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қытайларға интимді қызмет көрсететін элиталық жезөкшелер ұсталды (фото, видео)

Алматыда арнайы операция барысында  караоке-клубтан шетелдіктерге қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздар ұсталды.

Без названия

Нұрмақов көшесінде орналасқан «GC» клубына оңайлықпен кіру мүмкін емес, деп жазады patrul.kz.

Ғимарат қызметкері Алматы қалалық  ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің басшысына да есік ашпады. Клубқа күштеп кіруге тура келді. «Арлан» арнайы бөлімнің жасағы көңіл көтеріп жатқан қыздар мен клиенттердің үстінен түсті. Жезөкшелердің қызметіне жүгінетіндердің көбі қытайлықтар болып шықты. Одан өзге корейлер мен жапондар бар.

Без названия (3)

Ойын-сауық отауы Цой есімді ер адамға тиесілі. Күйеуі иесі, әйелі бизнесін жүргізеді.

Тергеушілер жұбайы Ирина Михайловнаға тексеру жүретінін, оның жезөкшелікпен айналысу мен притон ұстау ісі бойынша ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп күдіктелетінін айтты.

Без названия (4)

Астыңғы қабатта қыздар киініп, макияжын қалпына келтіретін бөлме бар. Олардың кейбірі 24 сағат бойы сонда болады.

Без названия

Жезөкшелер интимді қызмет үстінде ұсталса да оларды жауапқа тарпайтынын біледі. Өйткені, Қазақстанда  жезөкшелік үшін қатаң жазаламайды.

Мұнда тек байлардың келетінін қымбат ішімдіктердің бағасынан-ақ білуге болады. Ең арзан сусын 70 мың теңге тұрады. Клиенттер арасындағы қытай азаматының көші-қон заңнамасына сәйкес құжаты да болмай шықты.

Без названия (2)

Қытай азаматының бірі түсірілім тобына ортаңғы саусағын көрсетіп жатты. Оның бұл әрекеті қазақстандық БАҚ өкілдеріне деген құрметсіздігі.

Шетелдіктер тексерістен кейін үйлеріне жіберілді. Жезөкшелер де базаға енгізілді. Олардың көбі ғимаратта бірінші күні не үш күн ғана жұмыс істеп жатқандарын айтты.

Притон ұййымдастырушысына жеңгетайлық қызметі үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалады. Мұндай үлкен қылмыс Алматыда тіркелген алғашқы жайт емес. 2016 жылы да арнайы қызмет «Белла» , «Paradise» караоке клубтарынан жезөкшелерді ұстаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қыз алып қашудың соңы тоймен емес, қазамен аяқталды

Биыл медициналық мамандықтарға 3 мыңнан астам білім гранты бөлінді

Ақтөбеде баспанасы бір сәтте өртеніп кеткен көпбалалы отбасы далада түнеп жүр (фото)

Талқылау