Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қытайдан темір тұлпар жеткізетін автосалон ашылды

Алматылықтардың жаңа көліктерді таңдауға мүмкіндігі артты. Шаһарда Қытайдан темір тұлпар жеткізетін автосалон  ашылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетті.

chevy-spark-2013-hd-wallpapers

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Қытайда көлік құрастыратын компания Алматы нарығына 2011 жылы кірген. Әуелде автосалонда 42 адам жұмыс істеген болса, қазір оның саны артыпты. Диллерлік орталық күрделі жөндеуден өтіп, қызмет көрсететін орталықта іске қосылған. Соның арқасында 24 жаңа жұмыс орны құрылған.

Автосалонда қазір 3 түрлі көлік маркасы сатылады. Ал, диллерлер жыл соңына дейін тағы 4 марканы жеткізуді жоспарлап отыр. Машиналардың құны тұтынушыларға қол жетімді. Темір тұлпар тізгіндегісі келетіндер жаңартылған салоннан көлікті 3 жарым – 5 млн теңге аралығында сатып ала алады. Ал, несиеге алғысы келетіндерге 3 банкпен келісімшарт жасалған көрінеді.

«Біздің нарыққа сапалы қызмет көрсететін әрі тиімді баға ұсынып отырған тағы бір компания кірді. Біз мұнда ұсынылған көлік түрлерін және олардың бағаларын көрдік. 3 және 5 млн теңгенің төңірегіндегі автомашиналар, бүгінгі күні тұтынушыға қол жетімді деп есептейміз. Ал, мұндағы кепілдікпен көрсетілетін сапалы қызмет Алматының сервистік қызметінің жоғары екенін дәлелдейді. Біз қалаға инвестиция салған жаңа компаниялардың құрылуын, ең бастысы жаңа жұмыс орындарының ашылуын қашанда қолдаймыз»,- деді Қала әкімінің орынбасары, Ерлан Әукенов.

Тағы да оқыңыз:

Талдықорғанда 30 жастағы әйел құны 356 мың теңге тұратын аяқ киімдерді ұрлап кеткен

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Экологтар: Елімізде сатылып жатқан жұмыртқалар қатерлі дерт пен бедеулікке шалдықтырады

Талқылау