Азаматтық ала алмаған оралмандар Қытайға қайтып кетіп жатыр

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 8:27

Алматыда Қытайдан келген бір топ этникалық қазақ құжат рәсімдеудің қиындығын айтып, азаматтық алудың азабы қажытқанына наразы. Қытай тарапынан мүлде берілмейтін анықтаманы талап ететін ресми орындар көшіп келетін қандастардың жолын бөгеп тұр дейді. Тіпті, құжат мәселесі реттелмей Қазақстанға келгендердің біразы Қытайға қайта көшіп кетіпті. Ал ел Үкіметі азаматтық алу жайын әлі де біржақты реттеуге асығар емес.

20130802_14_34_05430

Сурет total.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жиылғандардың қиындығы ортақ, жанайқайы бір – құжат рәсімдеу әурелеген. Тіпті, Қазақстанға келгеніне бірнеше жыл болса да азаматтық ала алмай сенделген жұрт ресми орындардың жоқ құжаттарды талап ететінін түсінбей дал. Айтуларынша, оралман куәлігін алудың өзі қиындаған. Ал азаматтық алу үшін қажетті сотталмағанын растайтын анықтама Қытайда берілмейді екен.

“Бір жылдық визамен келіп, жүрдім осы жақта. Төрт жыл жүріп қойдым осылай. Енді ыхтияр хат тапсырайын десем, сотталмаған қағаз алып кел дейді. Сотталған адам Қазақстанға келмейді ғой. Оның үстіне оны бермейді Қытайда”, – дейді оралман Сайрангүл Ережепбайқызы.

Амалын тауып алып келген анықтаманы жарамсыз деп кері қайтарады дейді жиналғандар. Қытай астанасынан басылатын мөрді талап етеді екен. Ал көп шығынмен, біраз тер төгіп алдырған “сотталмады” деген анықтаманы мерзімі өтіп кетті деп тағы қабылдамайды. Атажұртқа оралғысы келетін қандастардың жолын бөгеп тұрған анықтаманы қайта қарау туралы үкіметке ұсыныс айтылған. Алайда өзгеріс болмады. Кедергілерді жойып, қандастардың көші-қон жайын реттеуге ат салысып жүрген белсенді Ауыт Мұқибек мәселе шешілмесе үкіметті сотқа беремін дейді.

“Бұл мәселені шешудің бір-ақ жолы бар. Ол – үкіметті сотқа беріп, сот арқылы ғана дәлелдеп шешу. Оған менің қолымда құжаттар жетеді. Қытай халық республикасының берген жауаптары бар, Сыртқы істер министрлігі арқылы және басқа да дәлелді құжаттар көп” – дейді ақын Ауыт Мұқибек.

Қытайдан келіп, атажұртқа табан тірегісі келген қалың жұрттың мұңына айналған құжат әуресі көштің басын Қазақстанға бұруға үлкен тосқауыл екен. Атажұртқа кеттім деген бір адам кері қайтса, бір ауылға кері әсері тиеді дейді қандастар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар