Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда қылмыскер шабуыл жасаған полицейді оқ өткізбейтін кеудешесі құтқарып қалды (видео)

Алматыда ұрланған смартфондарды сатып алып жүрген азамат ұсталды. 27 жастағы ер адам полицейден жасырынбақ болған. Алайда қашып кете алмасын түсінгеннен кейін пышақ алып шығыпты. Абырой болғанда, полициця қызметкері зардап шеккен жоқ. Оны оқ өткізбейтін кеудешесі құтқарып қалды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда қылмыскер шабуыл жасаған полицейді оқ өткізбейтін кеудешесі құтқарып қалды (видео)

«Пышақты әдейі аз қорғалған жерлеріне бағыттаған. Мысалы, бүйіріне. Сұраныс ұснысты тудырады деп дұрыс айтады. Ұрланған заттарды сатып алуға деген сұранысқа қарсы күресу туралы шешім қабылданды», – дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

27 жастағы ер адамды полицияның қуған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видео кадрларынан оның көлігі көрінеді. Арнайы қызметтегілер көліктің жолын бөгегеннен кейін ол атып шығып, қаша жөнелді. Алада жасырына алмады. Оны тұтқындап, изоляторға жіберді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы | Almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

Полицейлер тұтқындалған азаматтан 200-ден аса телефон мен ноутбук тапты. Ол техникаларды Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде сатқан. Сондай-ақ, полицейлер тағы 6 сауда нүктесінің иелерінен құжатсыз телефон, ноутбук, планшеттер тапты. Қазіргі уақытта бәрі тергеліп жатыр. олар ұрланған затты сатқаны үшін 5 жылға дейін қамалуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр