Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда квест ойыны кезінде қараусыз ғимараттың едені опырылып түсіп, қатысушылар зардап шекті

Алматыда қатысушыларды қорқытып, үркітенін квест ойыны кезінде қараусыз ғимараттың едені опырылып түсіп, қатысушылар жертөлеге құлап зардап шекті.

Алматыда квест ойыны кезінде қараусыз ғимараттың едені опырылып түсіп, қатысушылар зардап шекті

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға Алматыда Кенесары Хан көшесіндегі Кооперативтік техникумның бұрынғы ғимаратында 21 шілде күні болды.

Ойыншылар құрылысы бітпеген үш қабатты ғимаратта хоррор-квест ойынын ойнауға келген. Кенеттен, ғимараттың бірінші қабатындағы еден опырылып түсіп, жеті адам жертөлеге құлап кетті. Ойын кезінде жертөлеге құлап зардап шеккен ойыншылар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Кейіннен ойынға қатысушылар үйлеріне жіберілді.

Квест – жабық ғимаратта ойналатын командалық ойын. Шарт бойыша ойыншылар тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешіп, сондай-ақ жасырын жерлерді тауып тысқа шығулары керек. Хоррор-квест ойынына сондай-ақ, неше түрлі безендірулер мен дыбыстардың және аниматорлардың көмегімен қорқынышты және алаңдатарлық атмосфера құрылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау