Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда курстасын пышақтап өлтірген студент марқұмның өзін кінәлады

Алматыда курстасын пышақтап өлтірген студент ісіне қатысты жаңа мәліметтер айтылды. Істі болып жатқан Тілек Текішев бүгін қаза тапқан жігітке қорғану мақсатында пышақ сілтегенін айтып ақталды. Бұл туралы КТК арнасының тілшілері хабарлады.

5

Айтуынша, марқұм Самұрат Жақсылықов әжетханаға апарып, таяқтың астына алған. Бет-жүзім қанға боялған соң амалсыз пышағын шығардым дейді айыпталушы.

Өзі оқитын Қазақ ұлттық техникалық университетінің кітапханасында емтиханға дайындалып отырғанда, курстасы Жақсылықов келіп орнын босатуды талап етіпті. Онысына келіспеген соң, әжетханаға алып шығып, бас-көз демей жұдырықтың астына алған. «Қорғанам» деп қалтасындағы пышағын сілтегенде қарсыласының күре тамырын қиып жіберді дейді айыпталушы жігіт. Ал еңсесі түсіп, өксігін баса алмай отырған бұл кісі сол Самұрат Жақсылықовтың әкесі. Қайғылы әке ұлынан мұндай әрекеттің шықпағанына сенімді.

“Оның қандай жақсы бала екенін ауылдағы мұғалімдері де, бәрі біледі. Ешкіммен шатағы жоқ, шыбынды да өлтірмейтін момын еді. Қысқы емтиханын тапсырып болып, ауылға келейін деп отырған”, – деді марқұм С.Жақсылықовтың әкесі Тұңғышбай Жақсылықов.

Өмірмен ерте қоштасқан Самұрат үш баланың кенжесі екен. Биыл университет бітірейін деп отырған жылы болатын. Жәбірленуші тарап енді соңғы сөзді соттың ырқына салып отыр: “Сот шешеді ғой енді, ертең тағы болады…”

Әзірге тараптар дәйектерін келтіріп жатыр. Бір аптадан кейін келесі сот отырысы өтпек. Егер Тілек Текішев айыпты деп танылса, 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау