Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды

Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

20160907184429

Сонымен Құрбан айт мейрамы кезінде Алматыда малды төмендегі мекен-жайларда сояды:

Алатау ауданында: Бекет ата мешіті (Шаңырақ-1 шағын ауданы, Өтемісұлы көшесі 18 А), Әскер ата мешіті (Әйгерім1- шағын ауданы, Ленин көшесі 18А), Мырзахмет мешіті (Қарасу шағын ауданы, Северное кольцо көшесі 60), Алғабас мешіті (Алғабас шағын ауданы, Лермонтов көшесі).

Әуезов ауданы: Таугүл мешіті (Таугүл-3 шағын ауданы, Центральная көшесі 9).

Жетісу ауданы: Әл-Мадина мешіті (Рабочий кенті шағын ауданы, Федоров көшесі 12), Вайнах мешіті (Айтықов көшесі 1, Рысқұлов даңғылының қиылысы), «Ic-commerse» ЖШС-ның мал сою пункті (ул. Полежаева, 93А).

Медеу ауданы: Алматы қаласының орталық мешіті (Пушкин көшесі 16), «Райымбек батыр» мешіті (Думан шағын ауданы, Хан тәңірі көшесі 1), «Омар ибн Әл Хаттаб» мешіті  (Горный гигант шағын ауданы, Жуков көшесі 36), «Фатима» мешіті (Добролюбов көшесі 138).

Наурызбай ауданы: «Таусамалы» базары (Таусамалы шағын ауданы, Қонаев көшесі 2), ДИ кешені маңындағы алаң (Жандосов көшесі 2).

Түрксіб ауданы: «Ферали» мешіті (Жарылғасов,79).

Құрбандық шалынатын мал Алатау ауданында Бекет ата мешітіне қарсы жерде, Әскер ата мешіті жанында, Мырзахмет мешітіне тақау жерде және Үш қоңыр базары аумағында;

Медеу ауданында Райымбек батыр мешітіне қарама қарсы жерде;

Наурызбай ауданында Таусамалы базарында, «ДИ» кешені жанындағы алаңда сатылады.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан жоғарыда аталған мекен-жайда ғана малды сатып алу және сою қажеттігін ескертеміз. Малды сатып алу барысында ветеринарлық құжаттарын сұрауға кеңес беріледі. Сонымен қатар малды белгіленбеген және келісілмеген жерде сатуға, союға тыйым салынады», – делінген хабарламада.


Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар

Талқылау