Алматыда қорым қызметіне ақшасы жетпегендер марқұмды үйлеріне алып кетті

Алматыда марқұмды жерлеуге келгендер қорымнан кері қайтуға мәжбүр болды,  Бейітті кәсіпкерлер бизнеске айналдырған,-деп жазды КТК арнасы.

Алматыда марқұмды жерлеуге келген қаралы топ, мәйітті жер қойнына тапсыра алмай қорымнан кері қайтты.

Себебі, зиратқа иелік еткендер әдеттегіден қомақты қаржы талап етіп, марқұмды жерлеуге рұқсат бермей қойған екен. Ал, амалы таусылғандар, мәйітті қайтадан үйлеріне алып кеткендерін айтады.

«Таңнан бері әлі жүрміз. Өзіміз адамдарымызға  қаздырайық десек рұқсат жоқ.»,-дейді марқұмның туысы  Мансұр Иниятұлы.

Қайғыдан қан жұтқандардың айтуынша, тендер арқалы қорымға иелік еткен компания  55 мың теңге ақша сұрапты. Сонда ғана аталарыңды ақтық сапарға алаңсыз шығарып саласыңдар деген.

Бірақ, қаралы отбасының ондай қаржы тауып беруге шамасы жоқ дегендер, мұсылмандыққа жат қылық жасағандарға қолданар шара жоқ дейді. Себебі, бұған дейін қорымға төленетін қаржы 10 мың теңгеден аспаған екен.

Ал, қорым иесі мен қаралы топ арасында дәнекер болуға тырысқан аудандық атқамінерлер, ақыр соңында жауаптан жалтарып кетті.

«Біздің мұсылманшылық жолда қазып берсе қалғанын туысқандар өздері кіргізіп қояды ғой ішіне, сосын ағайындар ішіне топырақ салады.  Бұл кісілер 55 мыңды бостан босқа алып отыр ғой. Сонда жағдайы жоқ адам қабірдің ішіне жата алмайтын болып тұр ғой….»,-дейді марқұмның туысқаны Рысбек Тоқтасынұлы.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда тоғызыншы сынып оқушынын өлтіріп кетті

Шымкентте жоғары жылдамдықпен жүйіткіген жүргізуші апатқа ұшырап, көз жұмды

Таразда шайханада 3 400 теңге шотты төлеуден бас тартқан ер адамдар атыс шығарды

Шымкентте белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын өлтіріп кеткен

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар