Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көптен бері заңмен таныспаған жол полиясының бас дауға қалды (Видео)

Алматыда жол-патрульдік полициясының заңсыз әрекеті видеоға түсіріліп, оны жүргізуші желі жариялап жіберген.


Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Видеода көрсетілгендей, Алматыдағы жол патрульдік полициясы жүргізушінің неліктен оны тоқтатқаны жайлы түсінік бермеген. Сол үшін жүргізуші терезесін жауып, кетпекке ыңғайланған. Алайда, жол полицейі оған қарсылық танытып, құжаттарын беруді өтінген. Ережеге сай, жол полицейлері тек постта ғана көлік жүргізушілерін тоқтата алады. Соны білген жүргізуші, өз құқығын қорғай отырып, есікті жабуын өтінген. Соңында, ол көліктен түсіп, мәселені шешуге мәжбүр болған. Әрі қарай оқиғаның қалай өрбігені белгісіз.

Мұндай жағдай Шымкентте де болған еді. Жол полицейі бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған кезде жүріп кеткен жүргізушіні тоқтатып, кейіннен оны ешнәрсе істеместен, тек «Құдай жазасын береді» деп жібере салған.

Талқылау