Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт болып, 37 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматыда көпқабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде 37 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова мәлімдеді.

1433025054_1

“Сағат 09:42-де “101” нөміріне қоңырау шалынып, Бостандық ауданындағы Тимирязев көшесі, 99/1 мекенжайындағы пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарланды. Бірінші бөлімше шақыру орнына төрт минуттан кейін жетті. Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды”, – деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер адамдарды қауіпсіз жерге шығару шешімін қабылдап, 37 адам, соның ішінде 13 бала эвакуацияланған. Жалын сағат 10:10-да сөндірілген.

«Тілсіз жаумен күресте жеке құрамның 35 адамы, 6 негізгі және 4 арнайы техника жұмылдырылған. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Пәтер иесін күйіктер шалып, ол ауруханаға жеткізілді», – деп түйіндеді ТЖД-нің өкілі.

Талқылау