Алматыда көпқабатты үйдің сыртындағы өрнек емес, Алланы ұлықтаған жазба болып шықты (фото)

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 17:12

Алматылық Асылбек Орынбасаров Райымбек даңғылы бойындағы 101 үйдің сыртындағы безендіру мақсатында қолданылған өрнектен, арап әріптерімен жазылған Аллаға мадақ айтылған сөздерді анықтады. Бұл туралы белсенді өзінің  Facebook желісіндегі парақшасында жазған.

жазба

Сурет: Total.kz

«Бала кезімнен Райымбек даңғылы бойында орналасқан 101 үйдің сыртқы өрнектелуіне  аса қызығушылықпен қарайтынмын. Мен іштей “бұл неге ерекше, өзге үйлердің сыртқы безендіруіне мүлде құсамайтын себебі неде” деген ойға қалатынмын. Араға көп жылдар салып араб тілінің әріптерімен танысқаннан кейін мұның ешқандай да өрнек емес, жазба екенін түсіндім. Нақтырақ айтар болсам онда («Тамхид») бір Аллаға  мадақ айтылған»,-деп жазған ол.

Желі қолданушысы Асылбек Орынбасаровтың  жазбасына орай  кезінде Алматының тура осы көшесі атеисттер елінің құрамындағы орталық даңғылдардың бірі болғанын айтып өткен.

үййййй

«Ол жерден  «Аль Хамдулилла», « Аллаху акбар», Субхан Аллах», «Рахим» сөздерін анық оқуға болады. Бұл жазба арабтың көне  «куфи мурабба» стильнде жазылған»,-деген өз жазбасында алматылық.

Асылбек Орынбасаров  «мұны кеңес үкіметіндегілер мұсылман дініндегі жиі қолданылатын сөздер екенін білмеген. Тек шығыс стиліндегі өрнек деп түсінген болуы мүмкін»,-деп болжайды.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар