Алматыда көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін бара алады

Алматыда тұрмысы төмен отбасылардың балалары балабақшаға тегін бара алады. Десе де екінші баласынан бастап. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін бара алады

Соңғы екі аптаның ішінде 600-ден аса анамен ондаған кездесу өткізген Бауыржан Байбек бүгінде ең өткір мәселелер тұрғын үй, коммуналдық қызмет төлемі, оқу мен жұмысқа орналасуға қатысты болып отырғанын айтты. Әкімнің сөзінше, өтініштердің барлығы атаулы әлеуметтік көмек әдісінің өзгерісін қоса Үкімет жанындағы жұмыс тобына жіберілді. Өз сөзінде ол бірақатар кешенді шаралар жасалғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Байбек көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасылардың балалары балабақшаға тегін бара алатынын жеткізді.

«Өздеріңіз білесіздер, ата-аналар балабақшадағы баланың тамағы үшін 18 мың теңге ғана төлейді, қалған 27 мың теңгені мемлекет субсидиялауда. Тек өткен жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша бала бақшадағы 51 мың орынға 16 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл сома 1,8 миллиардқа артты. Егер көпбалалы тұрмысы төмен отбасының екі және одан да көп баласы бала бақшаға баратын болса, онда отбасылық бюджет жүктемесі де жоғары болады. Сондықтан «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша тегін болады», – дейді қала басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр