Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы отбасыдан шыққан үздік оқушыларға шәкіртақы беріледі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан үздік оқушыларға шәкіртақы берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда көпбалалы отбасыдан шыққан үздік оқушыларға шәкіртақы беріледі

Қала басшысының сөзінше, мұндай бастама «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында іске асырылады.

«Тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін үздік оқушыларға шәкіртақы төленеді. Бұл білім алуға деген ынтасын арттырады. Университет пен колледж студенттеріне айына 10 мың теңге, мектеп оқушыларына 5 мың теңге төленеді. Айтпақшы, биыл еліміз бойынша бөлінген гранттардың 40% немесе 27 мыңы Алматыға тиесілі. Бұл жерде біз грантпен оқитындардың барлығына бөлінетін стипендияны сөз етудеміз. Әрине, бұл отбасы үшін қосымша табыс көзіне айналады», – дейді қала әкімі.

Айта кетсек, бүгін тұрғындармен кездесу өткізген Бауыржан Байбек қаладағы көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін бара алатынын мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау