Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы ана алаяқтық жасады деп айыпталды

Алматы полициясы жалған несие рәсімдеген алаяқтың ісін зерттеп жатыр. Қазіргі таңда әйелдің үстінен 3 адам арыз түсірген.

93e29e4458563e6468765ddcef49b6cc

Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлайды.

Алматылық Шолпан Ақашева пәтерін жалға бермекші болады. Оны Жанерке Үйсінбаева күйеуі және төрт баласымен алады. Алайда олар ақшасын төлеуден бас тартып, кейін 2,5 миллион теңге несие рәсімдеп бере аламын деп уәде береді.

“Ол менің пәтерімде тұрып, мен онымен жақсы араластым. Бірақ, оны ешқашан алаяқ деп ойламаппын”, – дейді Шолпан.

Опық жеп қалғандардың қатарында Гүлнәр Ілкебаева да бар. Жанерке оған Ақерке Смаилова деген атпен қолхат беріп, 70 мың теңге алған. Алдағы уақытта ірі көлемде несие алып беремін депті.

“Ол өз балаларының атынан ант-су ішкен соң мен сендім. Бір аптаның ішінде шағын несие ұйымынан несие рәсімдеп беріңіз, сосын мен сізге ірі көлемде ақшаны несиеге алып беремін деді. Ол құрбысының банкте жұмыс істейтінін айтып, мені сендіріп тастаған. Қазір несиесін өзім өтеп отырмын”, – дейді Гүлнәр.

Ішкі істер департаменті шағым түсіріп 3 адамның келгенін айтты. Оның ішіндегі бір ер адамға күдікті 1 жарым миллион қарыз көрінеді. Бірақ, ІІД хабарлауынша қылмыстық іс тек “жалған несие рәсімдеу” бабы бойыншы қозғалған. Ал қалған жағдайлар бойынша зардап шегушілер азаматтық сотқа арыздана алады.

“Әйелдің несие алуына қатысты әрекеті алаяқтық қылмыстық іс ретінде қаралады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеріс жалғасып жатыр. Қандай да бір кесім айтуға әлі ерте”, – деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлер Жанерке Үйсінбаеваны әзір ұстамайтын көрінеді. Сот бұған санкция бермеген. Бірақ, зардап шегушілердің таққан айыптары дәлелденсе, онда Үйсінбаева біраз уақытқа түрмеге жабылмақ. ІІМ мәліметінше қазіргі таңда алаяқтық – еліміздің криминалдық рейтингінде екінші орында тұр екен.

Оқи отырыңыз:

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

Алматыда таксиші жапониялық турист қалдырып кеткен iPhone мен төлем картасын қайтарып берді

Талқылау