Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көп пәтерлі тұрғын үй өртеніп, сегіз отбасы далада қалды

Алматыда көп пәтерлі тұрғын үй өртеніп, сегіз отбасы далада қалды. Аумағы 300 шаршы метрді шарпыған алапат өрттен әп сәтте үйдің шатыры күлге айналған.

орт шыкты алматыда

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жалынды өшіріп, жабдықтарын жинап жатқан өрт сөндірушілер оттың неден тұтанғанын әлі анықтамаған. Ал бой көтергеніне ғасырға жуықтаған ағаш үйдің төбесі толық жанып бітуіне жарты сағат уақыт жеткілікті болған дейді куәгерлер.

«Шықсақ, мына жақ қып-қызыл жалын. Көтеріліп кеткен. Аяқ астынан. Ана басы мен мына басына бәрін бірден алып кетті. Баяғы 28 жылы салынған үйлер ғой», – дейді куәгер Әмет Базарбай.

«Түгел өртеніп кетті. Мына көршілерді полностью. Бізді затопило. Үйде мен, әке-шешем, үшеуміз. Жалпы сегіз отбасы тұрады. Былай алтау, ар жақта тағы екеу», – дейді өртенген үйдің тұрғыны Бекарыс Наурызбаев.

Өрт болған үйдің маңына келіп, тұрғындармен тілдескен аудан әкімдігі өкілдері шығын көлемін анықтауға тырысып жатыр. Көмек көрсетуге әзірміз деген әкім орынбасары, көмек түрінің қандай сипатта болатынын нақтыламады.

«Көріп тұрсыз жаңа ғана өрт болды. Қазір халықтың бәрін, қанша адам тұратынын анықтап, списогын алып жатырмыз. Аудандық бюджеттен бұндайға қарастырылмаған», – дейді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Болат Байділдаев.

Шамасы жеткендер жарамды заттары мен жиһаздарын көлікке тиеп кетіп жатыр. Ал өзге тұрғындар күлі көкке ұшқан баспаналарын айналшықтап әлі жүр.

Оқи отырыңыз: 

Тағы бір жүргізуші өзінің жантүршігерлік жол апатына ұшырағанын видеоға түсіріп алды

Алматыда жүк көлігі велосипед мінген қарияны басып өтті

Астанада ғаламтордағы хабарландыру арқылы қымбат көлікті ұрлап кетті

Таиланд тұрғыны тікелей эфирде 11 айлық қызын өлтіріп, өзіне қол салды

Талқылау