Алматыда кондуктор қарт жолаушыға жұдырық жұмсап, автобустан желкелеп қуып шықты (видео)

Алматыда жолаушылар автобусының кондукторы шашын ақ басқан ақсақалды балағаттап, соққыға жықты. Бұл сұмдық жайт Алматының дәл ортасындағы автобус аялдамаларының бірінде орын алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыда кондуктор қарт жолаушыға жұдырық жұмсап, автобустан желкелеп қуып шықты

№57 жолаушылар автобусының кондукторы бүкіл елдің көзінше әкесінен де үлкен зейнеткерді желкелеп автобустан шығарып жіберді.

Желіде пайда болған видеода жап-жас жігіттің қарт адамды балағаттап, оған жұдырық ала жүгіргені анық көрінеді. Ақсақалға қол көтерген қызуқанды жігіт сол автобустың кондукторы. Зейнеткерді желкесінен сүйреп, автобустан қуып шыққан жігітті жолаушылар мен жүргізуші әзерге тоқтатты.

Осы оқиғадан кейін полицейлер жолаушыға шабуыл жасаған жігіттен жауап алды. Ал №57 автобусқа жауапты автопарк басшысы аталмыш қоғамдық көлікте кондукторлар жұмыс істемейтінін айтты. Сөйтсе, автобус жолаушысын соққыға жыққан жігіт ол автобуста заңсыз жұмыс істеген. Айтуларынша, ол автобус жүргізушісінің туысы. Ал жүргізуші туысын жол ақысын төлемейтін жолаушыларды қадағалау үшін жанына жұмысқа алған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар