Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Компот” дәмханасы өртке оранды

Алматыда «Компот» дәмханасында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

20160712003530

Сурет: www.kazinform.kz 

«11 шілдеде Алматы қалалық ТЖД-ның «101» қызметіне Медеу ауданындағы «Компот» дәмханасы өртеніп жатқаны туралы оқиғаны көрген адам хабарласқан. Алғашқы өрт сөндірушілер Космодемьянская көшесіне 6 минуттан соң жеткен. Олар келген уақытта дәмхана шатыры жалынға оранып үлгерген. Өрт сөндіру кезінде 5 газ баллоны және 1 оттегі баллоны шығарылды. Өрт сөндіруге гидранттардағы қысымның болмауы қиындық тудырды. Ғимаратты ұзақ уақытқа электрден ағытылуы да жағдайды қиындатты», – делінген хабарламада.

Бастапқы мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр тоғының беруде ақау себепші болған.
Өрт  ауыздықталып, толық сөндірілді. Жалын 600 шаршы метр жерді шарпыған. Одан ешкім зардап шекпеген.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі бүлдіршінді аман алып шықты

Павлодарда жомарт жан өрт салдарынан далада қалған отбасына баспана сыйлады (фото)

Зейнеткерді өрттен құтқарған қызылжарлық полицейлер марапатқа ұсынылмақ

Қазақстан тұрғыны Түменде балаларды өрттен құтқарып қалды

Талқылау