Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қолжетімді баспананы әрең алған жұрт қосымша салық төлеуге қарсы шықты

Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасымен жалға үй алғандар жаппай алданғанына ашынып отыр.

1002221928

Олардың аутйынша. мемлекеттің қолдауымен пәтер үлестірген «Самұрық-Қазына» қоры жұрттың мойнына қомақты салықты іліп жіберген. Арзан пәтер алдым деп қуанған жұрттың кейін келісім-шарттағы қосымша соммаларды көргенде көңілі су сепкендей басылыпты. Жүз мыңдап саналған ақыны екі жыл төлеп титықтаған тұрғындар енді салық мүлдем алынбасын деп талап етіп отыр.

Қуаныштан төбесі көкке жеткендей болғандар енді қазір пәтер ақысымен бірге, жылына жүз мыңдаған салықты бала-шағасынан аузынан жырып төлеуге мәжбүр.  Бір қызығы, келісім-шартта мүлік салығының түрі де, мөлшері мүлде көрсетілмеген екен. Сондықтан жұрт алдандық деп ашынады.

Алматы қалалық «Менеджмент» жылжымайтын мүлік қоры» өкілдігінің директоры Евгений Иванов болса «Самұрық-Қазына» қоры үлкен жұмыс атқарды. Бұл мәселені біз Үкіметке, Ұлттық экономика министрлігіне жеткіздік. Қазір ол қаралып жатыр. Біз де алдағы уақытта ол мәселе оңды шешіліп, салық төмендетіледі деп үміттеніп отырмыз”, -дейді.

Талқылау