Алматыда көліктің жолын кескен Lexus жүргізушісіне айыппұл салынды (видео)

Сенбі, 23 Шілде , 2016 15:14

Алматыда көліктің жолын кескен Lexus жүргізушісіне сол сәтте-ақ айыппұл салынды.

1469210570-8193

Бұл туралы Алматы қаласының ІІД-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

“Lexus көлігінің рөлінде 1986 жылғы жігіт отырған. Оны 1-бөлім “Авариялық ситуация тудырды” деген 606-бап бойынша жауапкершілікке тартқан”, – дейді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл бап бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 20 шілдесінде болған жол көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерге тараған болатын. Аталған көлік оқиғасы Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылы бойында болған.

Видео авторы даңғыл бойымен рұқсат берілген 60 км/сағ жылдамдықпен жылжып бара жатқан. Бір жаққа асыққан Lexus LX570 жүргізушісіне кедергі жасаған сыңайлы. Видео авторы жолды босатпаған соң Lexus оны оң жағынан қуып жетіп, жолын кескен. Мұны көрген жол сақшылары оны бірден ұстап алған.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында бір мезетте 17 көлік соғылып, ірі жол көлік апаты болды

Жол жиегіндегі заңсыз көлік шеберханалары алынсын деген тұрғындар бас көтерді

Алматыда жол-көлік оқиғасынан Lada Granta жол жиегіндегі арықтан ұшып өткен

Астанада жол талғамайтын көлік мінген шенеунік велосипедшіні қағып кетті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар