Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлікті соққан автобус дүкен ішіне жапырып кірді (фото)

Алматыда бүгін болған жол апатынан 2 жүргізуші мен 4 жолаушы зардап шекті.

20161019142157

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

№85 автобус Сейфуллин көшесімен келе жатқан. Жолдың қарсы бетінде келе жатқан Daewoo Nexia жүргізушісі қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Қатты соққыдан автобус тұрақта тұрған Hyundai маркалы көлікті оңдырмай соғып, сосын азық-түлік дүкенін жапырып өткен.

4 автобус жолаушысы мен 2 жүргізуші дәрігер көмегіне жүгінген.

20161019142252

Дүкен ішінде ешкім зардап шекпеген.

20161019142239

20161019142247

20161019142301

20161019142305

Салтанат Әзірбек ҚР ҚК 345 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Талқылау