Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізушісі екі қызды қағып, қашып кетті

Алматыда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі жолдың өтуге рұқсат етілмеген бөлігінен жүгіріп өтпек болған қыздарды қағып кетті. Артынша ол оқиға орнынан із суытқан.

Алматыда көлік жүргізушісі екі қызды қағып, қашып кеткен

ТЖ Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Куәгерлердің сөзінше, екі қыз жол үсті өткелінен бірнеше метр жерде жолды кесіп өтпек болған. Осы кезде, болжам бойынша, BMW көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші тоқтай алмай, аяқ астынан алдынан шыққан қыздарды қағып кеткен. Көліктің қатты соққаны сонша, зардап шеккен қыздар ұшып түскен. Ал олардың заттары бірнеше метр жерде шашылып қалыпты.

Ал қыздарды қаққан көлік жүргізушісі тоқтамастан оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы жапа шеккендерді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің сөзінше, олардың жағдайы өте ауыр. Сондықтан ешқандай болжам бере алмай отыр. Дәрігерлер бақылаған кезде қыздардың бірі ес-түссіз күйде болыпты.

Алматыда көлік жүргізушісі екі қызды қағып, қашып кеткен

Қазіргі уақытта отиға орнында шұғыл тергеу тобы мен криминалист-сарапшылар жұмыс істеп жатыр.

Іздестіру бөлімінің қызметкерлері қыздарды қаққан автокөлік жүргізушісін табу үшін, Райымбек даңғылының бойындағы бақылау камераларындағы жазбаны тексеруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау