Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізушісі баланы ауруханаға әкетіп бара жатқан жедел жәрдемге жол бермей, балағаттаған (видео)

Алматыда «Нексия» маркалы көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойды. Бұл уақытта жедел жәрдем бригадасы кішкентай баланы ауруханаға алып бара жатқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматыда көлік жүргізушісі баланы ауруханаға әкетіп бара жатқан жедел жәрдемге жол бермей қойды (видео)

Бұл туралы баланың әжесі Facebook желісінде жазып, болған оқиға түсірілген видеоны жариялады.

Видеоға қарағанда, «Нексия» маркалы көлік жүргізушісі жолдың жедел жәрдем көлігі тұрған қатарына өтпек болып, оны итере бастаған. Ал одан бұл әректеін тоқтатуына сұрағанда, жеңіл көлік жүргізушісі ұрысып, балағат сөздер айтады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Алматылық әйелдің сөзінше, оқиға Тимирязев көшесінің бойында орын алған.

Өз кезегінде желі қолданушылары көлік жүргізушісінің әрекетіне ашуланып, оны жауапкершілікке тартуға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Астанада жасөспірім әкесінің көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. 

Талқылау