Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізушілері мемлекетке миллиардтап қарыз болған

Жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мемлекетке 12 миллиард қарыз болып шықты. Мұны тіпті рекордтық көрсеткіш десе де болады.

гаишник

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

2015 жылы Алматы қаласы бойынша көлік жүргізушілері 332 310 тәртіп бұзу дерегі тіркелген. Ал 291 мың көлік иесіне 2 миллиард 513 мың теңге айыппұл салынған.

Әкімшілік полиция өкілдерінің айтуынша, былтыр сот арқылы 2 миллиард теңге айыппұл өндіріліп алынған. Ал автоматты бақылау жүйесі анықтаған ереже бұзу саны тіпті көп. Бейнебақылау камерасына түсіп қалғандар 614 мың 880 жол ережесін бұзу арқылы, 10 миллиард 914 миллион теңге шығынға батқан. Ортақ есепке салсақ, әр көлік мемлекетке 200 мың теңге қарыз болып шығады екен.

Талқылау