Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші велосипедшіге қай жолмен жүру керектігін балағаттап тұрып түсіндіріп берді (видео)

Алматыда Nissan Almera көлігінің жүргізушісі велосипед айдаған жігітке көліктермен бірге емес, тротуармен жүру керектігін дөрекі түрде ескертті.

мыым

Оқиғаның бейнежазбасын Александр Оконешников есімді қолданушы өзінің интернеттегі каналында жариялаған. Жағдай 21 шілде күні таңертең болған.

Бейнежазбада Төле би көшесі бойында автокөлік жүргізушісі велосипед айдаған адамға дыбыстық сигнал береді. Ал бейнеролик авторы: “Не болып қалды?” деп сұрайды. Айта кету керек, ролик авторы да сөйлесу кезінде лексика заңдылықтарынан тыс сөздерді қолданған. Ал жүргізушігі велосипедшінің сұрағы ұнамаса керек. Ол тура жол ортасында көлігін тоқтатып, сыртқа шығып, бейәдеп сөздермен жолмен емес, тротуармен жүруі керектігін ескертеді.

Сол кезде велосипедші оған ережені оқып шығуға кеңес берген. Яғни, велосипедшінің тротуармен жүруі керек деген нәрсе ережеде жоқ дейді. Ережеге сай, велосипедпен жүру керек, ал болмаған жағдайда көлік жолына түсуге рұқсат.

Талқылау