Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізушісі балабақшаның қақпасын соғып кетті

Бейсенбі күні Алматыда «Лада» автокөлігі балабақшаның қақпасын соғып кетті. Дәл қазір істі тергеу амалдары жүріп жатыр.

detsad-256448-1432676015

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Бүгін Алматы қаласындағы Медеу ауданында ВАЗ актокөлігінің жүргізушісі Латиф Хамиди көшесімен келе жатып, рөлді басқара алмай, жеке-меншік балабақшаға барып соқтығысты», – делінген мәлімдемеде.

ІІД мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Аталмыш дерек Алматы қаласы аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді.

Айта кетейік, бұл балабақшаға қатысты Алматыда орын алған алғашқы жол көлік оқиғасы емес.

2015 жылдың 20 мамырында Toyota Land Cruiser автокөлігінің 46-жастағы жүргізушісі Татьяна Семченко рөлді басқара алмай, балабақшаның қақпасын соғып, бір топ балаларды қағып өткен. Оқиға орнында бес жасар қыз бала көз жұмып, тағы да тоғыз бүлдіршін ауруханаға жеткізілген. Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің №345 «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша айыпты деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда мотоцикл мен автокөлік соғысып ірі жол апаты болды

Астанада мас полицейдің кесірінен ірі жол апаты бола жаздады

Ақтауда жол апатына түскен жүкті әйел баласынан айырылды

Алматыда жол-көлік оқиғасынан Lada Granta жол жиегіндегі арықтан ұшып өткен

 

Талқылау