Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік тротуарға шығып кетіп екі адамды басып өтті (видео)

Желіде екі адамды басып кеткен көліктің видеосы жарияланды.

скачанные файлы

Видео Инстаграм желісінің shock_kaz тобында жарияланды.

Видеодан жеңіл көліктің тиісті емес жерге шығып кетіп, жайбарақат жүрген екі адамды қағып өте шыққанын көруге болады. Көліктің өзі бағанға барып соғылды. Бейнетіркеуде жазылған уақыт бойынша, оқиға 18 қаңтар күні болған. Көліктің зардап шегушіні ұзағырақ жерден жанши әкеліп өзге көлікке жабыстыра соққаны анық байқалады. Жүргізушінің не себепті мұндай әрекет жасағаны, рөлде кімнің болғаны белгісіз. Тұра алмай қалған ер адамдарға жүргіншілер көмектесті.

Автомобиль на полном ходу сбил двух человек на тротуаре в #Алматы @shock_kaz

Видео опубликовано ЖЕСТЬ | ДТП АВАРИИ | ДРАКИ| 🇰🇿 (@shock_kaz)


Жіберіп алмаңыз:

Бізді ұрып-соғып, арақ ішуге мәжбүрледі: қазақстандық әйел Мәскеудегі құлдық туралы айтты

Ақтөбеде қысымға шыдамаған полиция ардагері тәртіп сақшысының кабинетінде көз жұмды

Алматы-2 вокзалында жолаушылар вагоны өртенді (видео)

Талқылау