Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік қаққан ер адам өзге біреудің көлігінің ішіне ұшып түсті

Алматы қаласының көшелерінің бірінде ер адамды көлік қағып кетіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда көлік қаққан ер адам өзге біреудің көлігінің ішіне ұшып түсті

Оқиға Рысқұлов көшесінің бойында, Тілендиев пен Соқпақбаев көшелерінің арасында орын алған. Куәгерлердің сөзінше, өзін біртүрлі ұстаған ер адам жолда қоқыс шашып жүрген.

Осы кезде BMW автокөлігінің иесі оны көрмей қалып, қағып кетті. Соққының қатты болғаны сонша, ер адам көліктің алдыңғы терезесі арқылы салонға ұшып түскен. Ол алған жарақатының салдарынан мерт болды.

Алматыда көлік қаққан ер адам өзге біреудің көлігінің ішіне ұшып түсті

Сурет: Sputnik Қазақстан

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау