Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік бағанаға соғылып, жантүршігерлік апат болды (фото)

Оқыс оқиға 12 маусым күні болған. Рысқұлов көшелерінің бірінде шетел көлігі бағанаға соғылып, апат орын алды.

10242-news-650

Бұл туралы kolesa.kz хабарлайды.

Мәліметтер бойынша, Hyundai Tiburon көшенің шығыс жағымен келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, көліктің алдын Газель кесіп өтеді. Одан қашамын деген жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан  бағанаға барып қатты соғылған. Соққаның қатты болғаны соншалық, көлік бағананың ортасына дейін майысып кеткен. Қуанышқа орай, көлік ішінде өзге жолаушы болмаған екен.

10242-news-650-1

Зардап шеккен көлік жүргізушісі ауыр жарақатымен облыстық ауруханаға жатқызылды. «Газель» иесіне шара қолданатын-қолданбайтыны әзірге белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында тас жолда болған жол апатынан 7 адам қаза тапты

Талқылау