Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоқыс жәшіктері жаппай ұрланып жатыр

Қымбат затқа айналған қалдық салғыш! Алматыда көше бойында орнатылған қоқыс жәшіктері бірінен соң бірі қолды болып жатыр. Ұрылар мемлекет есебінен сатып алынатын темір ыдыстардың түгін қоймайды екен. Ал шенеуніктер еш саспастан, жоғалған жәшіктердің орнына биыл бюджеттен тағы бақандай 170 миллион теңге жұмсап жаңаларын орнатпақшы. Дегенмен, олардың да қолды болмасына еш кепілдік жоқ,-деп жазды КТК арнасының сайты.

жәшік

Бұл қала экологиясының қаншалықты жақсарғаны туралы баяндалған жиналыс. Шенеуніктер тазалық жолында атқарған жұмыстарын айтып тауыса алмай жатыр. Десе де, кілтипан да жоқ емес. Мысалы, көшедегі қоқыс тастайтын жәшіктер жаппай ұрланып жатыр екен.
«Тұрғындар көше бойында тұрған қоқыс жәшіктерін жұлып әкетіп жатыр. Жаңадан қойылған мыңдаған жәшіктерден түк қалмады. Салдарынан барлық жерде қоқыс қаптап, қаланың көркін қашырған»,-дейді Алматы қалалық табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің басшысы Нәзия ауқынова.

Ал ұрылар қырғидай тиген жәшіктер осы. Көше бойында бірінен соң бірі тізілген бұл темір ыдыстардың біреуінің құны жиырма мың теңге. Мемлекеттің миллиондарына қойылатын осындай қалдық салғыштар жылда ұрланады. Сөйтіп, желге ұшқан қаржыда есеп жоқ. Ол аздай, биыл қоқыс жәшіктеріне деп бюджеттен тағы 170 миллионнан аса теңге бөлініп отыр. Ол ақшаға 8 мыңдай қалдық салғыш орнатылмақ. Бірақ, оларды да ұрылардың қолды қылмасына кепілдік жоқ. Тіпті, оны ұрлағаны үшін осы күнге дейін ешкім жауапқа тартылмаған.

« Шынымды аутсам бізге қоқыс жәшігі ұрланды деп шағымданған адам болған жоқ. Дегенмен темір жәшіктер орнында жоқ»,-дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Төрехан Исин
Осылай, үнсіз құтылған шенділер еш саспай отыр. Өйткені, әне-міне жаңалары сатып алынбақ. Есесіне, қолда бар қоқыс жәшіктеріне бұзақылар білгенін істеп жатыр.
Ал мына бір қоқыс жәшігі тіпті қолды болған. Ұрылар оның қақпағына дейін шешіп әкетіпті. Салдарынан қоқыс біткен қайда болса сонда тасталып жатыр.

Талқылау