Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Көктөбенің саябағына кіру тегін болды

Алматыда Көктөбедегі саябақ аймағына кіру ақысы алынып тасталды.

новый коллаж

Фото: yvision.kz

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

“Көктөбедегі саябақ аймағын сенімгерлікпен басқару құқығы берілген жеке компания осы аймаққа кіру ақысын жойды. Бұл туралы аталған компания басшылығы кеше – жұма күні қала әкімдігіне мәлім етті”, – делінген хабарламада.

Осы қызмет көрсетуші компания басшылығының бұйрығына сәйкес, 28 шілдеден бастап, саябақ аумағына жаяу кіру ақысы күшін жойды. Ол – 100 теңге болатын. Сөйтіп, бұл саябақ аумағы барлық санаттағы тұрғындарға қол жетімді болды.

Компания басшылығы бұл саябақтың инфрақұрылымын қайта ұйымдастыруға байланысты жасалып отырғанын айтты. Дегенмен, арнайы автобустардан жеке автокөліктердің кіруіне тыйым салынған.


Жіберіп алмаңыз:

Көктөбеде шыршаларды аяусыз отағандарға айыппұл салынды

Көктөбеде Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылатын орын таңдалды

Алматыда Көктөбеден өрт шықты

Мәдина нағашыларының еліне өмірінде алғаш рет барып, тегін концерт қойып берді

Талқылау