Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Көктөбеден өрт шықты

Алматы қаласында Көктөбе саябағы маңында қураған шөп өртенді, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

104_t2

Фото: almatylife.kz

Сағат 18.30-да 112 кезекшісіне Көктөбенің батыс беткейінде қураған шөптер өртке оранды деген хабарлама келіп түскен.

350 шаршы метр алқаптың шөбі өртенген, ол сағат 18.57-де ауыздықталып, сағат 19:06-да толық сөндірілді. Оқиға болған жерге 2 техника және жеке құрамның 9 қызметкері жұмылдырылды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Казинформ

Талқылау