Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктайғақ салдарынан жол апаты орын алды (фото)

Жексенбінің түнінде Алматыда жол апаты орын алды, деп хабарлайды құқық қорғау органдарына сілтеп Sputnik Қазақстан.

ЖКО Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің қиылысында болған. Жүргізушілер мен куәгірлердің сөзінше, Мерседес С автокөлігі Сейфуллин көшесі бойынша солтүстік бағытта қозғалып бара жатқан.

Жүргізуішінің айтуынша, Шевченко көшесінен төмен жерде ол тежегішті басып, көлікті тоқтатпақ болған. Алайда көктайғақ салдарынан автокөлік қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Polo автокөлігімен соғысқан.

ЖКО салдарынан Volkswagen рөлінде отырған әйел зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда зейнеткер көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті (видео)

Ақмола облысында он жастағы оқушы өрт кезінде қаза тапты

Алматыда қаскүнемдер таксисті өлтіріп, оның көлігін сатуға қойған

Павлодарда сөндірілмей қалған темекіден 1 миллион теңге шығын келді

Талқылау