Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие тұрғындардың жаңа санаты белгіленді

Бейсенбі, 18 Ақпан , 2016 13:20

Алматыда жеңілдікке ие тұрғындардың жаңа санатына қоғамдық көлікте тегін жүру құқығы берілді. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының Көлік Холдингі« ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

onay_term

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы қаласының аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жеңілдікке ие тұрғындардың жаңа санатына «ОҢАЙ» картасын алуға өтінімдер қабылдана бастады.

«Тегін жүру құқығы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек жандарға беріледі. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар аналар айлық жол жүру билетін 50 пайыздық жеңілдікпен ала алады», – делінген хабарламада.

Жеңілдетілген «ОҢАЙ» көлік картасына өтінімдер тұрғындардың тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде қабылданады.

Бұл үшін жеке куәлік пен жеңілдік алуға құқығы бар екендігін растайтын құжат қажет.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар