Алматыда көпқабатты үйдің балкон шатырында балалардың ойнағаны кадрге түсіп қалған. Бұл өз кезегінде желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Бейнежазбада екі кішкентай қыздың Алматыдағы көпқабатты үйдің шатырында қалай ойнап жүргені байқалады. Балкон – биік үйдің ең жоғарғы қабатында әрі ештеңемен қоршалмаған.
Балалардың мұндай еркін әрі қауіпті жағдайда ойнауы желі қолданушыларының ашуын тудырған. Олар қыздардың ата-аналарын немқұрайлылығы үшін кінәлайды.