Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда киіз үйге кірмек болған ақсақалды екі жігіт кеудесінен итеріп қуып шықты (видео)

Алматыда киіз үйге кірмек болған ақсақалды екі жігіт кеудесінен итеріп қуып шықты. Ақ жағалы жігіттердің ерсі әрекеті түсіп қалған видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Наурыз мейрамы биылғы жылы кең көлемде дүркіреп өтті. Облыс басшылары мерекеге дайындық кезінде қызметкерлерге халық үшін дастархан жаюды, киіз үйлерге еркін кіргізулерін тапсырған. Алайда Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шара барысында киіз үйге кіргісі келген ақсақалды кеудесінен итеріп жіберген жігіттердің видеосы желіде тарап кетіп, жұрттың қызу талқысына түсті

Видеода ақ жағалы жігіттердің киіз үйге кіргісі келген ақсақалды кеудесінен итеріп, дөрекі сөздері айтқаны байқалады. Ерсі әрекетке барған жігіттер ақсақалды киіз үйге кіргізбей қойды.

«Тамақ көрмегенсіз бе? Сізге не болды? Мың теңгені мен-ақ берейін. Басқа жерден тамақ сатып алып ішіңізші. Мұнда түк жоқ», – дейді жігіттер видеода.

 

Өз кезегінде желі қолданушыларын ақсақалға дөрекілік танытқан жігіттердің әрекеті ашуландырды. Наразы болған көпшілік жігіттерді сынап, жағымсыз пікірлерді қарша боратты.

Оқи отырыңыз:

Уәде берем: Беташар кезінде енесінен оқтауды алып ант қабылдаған келін жұртты күлдірді (видео)

Қарағандыдан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл түрде Астана әуежайына қонды

Қазақша көйлек киген қыздардың ерсі биі жұртты ашуландырды (видео)

Еліміздегі ұялы байланыс операторы қазақстандықтардан ұялы телефонын тіркеуді сұрады

Талқылау