Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Хэллоуин кезіндегі каскадердің өлімі: Полиция істі тоқтатты

Алматы полициясы қаладағы түнгі клубтардың бірінде қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қасым Жұмағожин

Ведомство мәліметінше, сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін қорытынды шешім қабылданды. Қасым Жұмағожиннің өлімі инфаркт салдарынан болған.

«Тағайындалған сот-медициналық сараптама жүрегінің тоқтап қалғанын көрсетті. Осыған байланысты Медеу аудандық ішкі істер басқармасы қылмыстық істі тоқтатты», – дейді Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні танымал қазақстандық каскадердің дүниеден озғаны белгілі болған еді. Артынша оның өлімінің себебі айтылды. Артынша оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Талқылау