Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда хиджабтағы тігінші қыз шалбар балағын шолтитып қысқартып тастаған

Алматы базарларының бірінде тігінші болып жұмыс істейтін хиджаб киген қыз, клиентінің шалбарының балағын сәләфи сенімдегі әдет бойынша қысқартып тастаған.

8888

Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде Айбек Нәби есімді қолданушы жазды. Ол қызға “шалбарды күздік туфлимен киемін, қатты қысқартпаңыз” деп ескертіпті.

Ойымда түк жоқ, қалай өлшегеніне мән бермеппін. Жарты сағаттан соң ақысын төлеп алып кеттім. Үйге келген соң да шалбарды киіп қарамадым. Шкафқа сала салдым. Арада бір аптадай өткенде джинсиді киіп қарасам балағы тобыққа жетпейді. Ышқырдан олай бір тартып түсірдім, былай бір түсірдім бәрібір жетпеді. Қызық болды. Әйелім көріп ішек-сілесі қатып жатып қалды.
“Сен уахабит па, салафит па болайын дегенсің бе?” – дейді. Ал мен “бұл қалай болғаны” деп мазам қаша бастады”, – дейді ол.

Ақыры ескі шалбарын киюге мәжбүр болған ол, кейін барып шалбарын кімге қысқартқанын есіне түсіріп, мәселенің мән-жайын аңдағандай болыпты.

Талқылау